Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алаш көсемі туралы замандастары не деді?

28.08.2022, 16:00 266

1. Ол елі үшін құрбандыққа жанын берген, бит, бүрге, қандалаға қанын берген, көрдей сасық ауа, темірлі үйде алаш үшін зарығып бейнет көрген, басқан аяқ кері кеткен заманда жасымай алашына қызмет еткен, болса да қалың тұман, қараңғы түн, туатын «бақ жұлдызына» көзі жеткен, түймеге жарқылдаған алданбаған, басқадай бір басы үшін жалданбаған, «қайткенде алаш көркейер» деген ойдан басқа ойды өмірінде малданбаған Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан еді.

Сұлтанмахмұт Торайғыров

2. Егер де әйгілі Бөкейхановқа келетін болсақ, ол – қазақ даласының асқан білгірі. Оны тиімді пайдалана білу керек. Ол алдағы уақытта да техникалық қызметкер ретінде жүріп те ықпал жасауы мүмкін, бірақ та ол жергілікті жердің жағдайын тез аңғарады, сонысымен де үлкен көмек көрсетеді. Ол – қазақ тұрмысының нағыз әмбебап энциклопедиясы, өлке тарихының оқымыстысы. Ешқандай кітап оны алмастыра алмайды.

В.А.Радус-Зенкович

3. Ол кісі Петроград университетінің орман-ағаш факультетін тамамдаған. Заң факультетіне Ленинмен бірге экстернат болып емтихан тапсырған. Терең дария мұхиттай білімді ғалым болатын. Тоғыз тілде еркін сөйлеп, жаза білетін. Біздің ақыл – ойымыз Тоқырауын өзеніндей болса, Әлихан Бөкейханов – Балқаш көліндей дария еді ғой!

Әлімхан Ермеков

4. Бөкейханов – бұлардың көсемі. Ол өзі – сондай сұсты, мысы басым адам. Ленинградтағы біздің үйімізге келерде Мұхтар сондай қатты әбігермен дайындалатын. Оның алдында балаша елпек қағатын. Менің де бетіне қарап сөйлеуге батылым жетпейтін. Қорқатынмын. Ал Смағұл біз үйленген жылдары ақша жіберіп тұратын.

Валентина Николаевна Әуезова

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: