Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«ТАННЕНБАУМ» директивасына Гитлер неге қол қоймады?

08.05.2023, 11:04 344

Атақты «Көктемнің 17 сәті» фильмінен біз соғыс кезінде Швейцария бейтарап ел болғанын білеміз. Совет барлаушысы Штирлиц-Исаев «орталықтың» тапсырмасын орындау үшін екі адамды дайындайды, олар профессор Варнер Плейшнер мен пастор Фриц Шлагты Швейцарияға еш кедергісіз өткізіп жібереді. Плейшнер қателік жіберіп, гестапоның қолына тірілей түскісі келмей терезеден секіріп өлсе, пастор Шлаг Берн қаласында тапсырмасын мүлтіксіз орындайды. Осы Штирлиц туралы фильмді көріп отырып, бала болсақ та «соғыс кезінде, Швейцария неге және қалай бейтарап ел болып жүр?» деп ойлайтын едім.

Оның мәнісі мынадай екен…1940 жылы маусымда Францияны басып алған Вермахттың Бас штабы Швейцарияны басып алу үшін «Танненбаум» жоспарын жасады. Алайда, Гитлер бұл жоспарды іске асыру үшін Директиваға қол қойған жоқ, жан-жағындағы елдердің барлығын жаулап алғанмен, Швейцария оккупациядан аман қалды және өздерін бейтарап елміз деп жариялады. Себебі, Швейцария банктері арқылы Үшінші Рейх өзін қаржыландыру үшін батыстың ірі компанияларымен финанстық  шарттар жасады және басып алған елдерді тонаған әскери және мемлекеттік басшылар өздерінің байлықтарын вальютаға айналдырып, осындағы банктерде сақтауға мүмкіндік алды.1934 жылдан бастап Швейцария банкілерінде анонимді есеп шот ашуға болатын Заң шығаруы тонаушылықпен айналысқан гитлершілердің ойынан шықты. Алдымен есеп шотты алғашқылардың бірі болып елдің «фюрері» (көсемі) Адольф Гитлер ашты. Ол өзінің жазған «Майн камф» (менің күресім) атты миллиондаған тиражбен шыққан кітабынан түскен қаржыны өз есеп шотына аударудан бастады. 1946 жылы фашистік Германия басшыларының Нюренбергтегі сот процессінде Үшінші Рейхтің финанс министрі және РейхсБанк президенті Вальтер Функ: «Олар өздерінің алтындарын тек Швейцария банктерінде ғана вальютаға айырбастап сақтады» деген болатын. Басып алған елдерінің алтын қорын тонап қоймай, нацистік биліктегілер концлагерінде пешке өртелген адамдардың алтын тіс коронкаларынан бастап, сақина, сырға, алқаларына дейін ие болды, әрине алтындарды РейхсБанкке сол күйінде өткізген жоқ.. РейхсБанк «Дегуес» компаниясымен шартқа отырды, олар тонаушылықпен тапқан алтындарды қайта балқытып құйма ретінде шығарып, оған РейхсБанктің белгісін басып шығарды. (№ 1 фотода). Осы РейхсБанктің алтын құймаларын соғыстың соңына дейін Берн қаласындағы банкіге SS-тің гауптштурмфюрері «Кассир» деген лақап атқа ие болған Бруно Мельнер өткізуге басшылық жасады. Кейін ол алтындарды «Мельнер алтындары» деп атап кетті. Бруно Мельнерге Нюренберг соты үш-ақ жыл берді, сот оның тек 120 кг алтын өткізгенің ғана дәлелдей алды, оған себебші болған швейцариялық банкирлер оны әшкерелеуге құлықсыз болды (олардың да өз үлесін алатын болғаны осыдан белгілі). Гауптштурмфюрер Бруно Мельнер бертін келе батыс Берлинде қартайып қайтыс болды.

1990 жылдардың ортасында Бүкілдүниежүзілік еврейлердің Конгрессі Швейцария банкісін сотқа беріп, екінші дүниежүзілік соғыста фашистердің «Холокост» жоспары бойынша атқан-асқаны мен пешке өртелеген 6 миллион еврейлердің отбасына өтемақы төлеуді міндетті деп есетеуінің себебі олардың алтындарының барлығы вальюта есебінде сақтаулы тұрғанын дәлелдеді. Артындағы тірі қалған ұрпақтарына сол кезде 1,28 миллиард доллар алып беруіне қол жеткізді. Бұл әрине мардымсыз өтемақы еді. Неге дейсіздер ғой?  Немістер екініші дүниежүзілік соғысты 1939 жылдың 1 қыркүйегінде Польшаға басып кіруінен бастауы, осы елде Европадағы ең бай еврейлер шоғырланған болатын.

2020 жылы нацистік қылмыскерлерді әшкерелейтін «Симон Визенталь Орталығы» Аргентинада жасырынып қалған 12 000 фашистік қылмыскерлерді анықтап, олардың түгелге жуығы о дүниелік болғанмен олардың Швейцариялық  Банктерде есепшоттарын тексеру керектігін мәлімдегенде, АҚШ-тің Сенаты жанынан құрылған комиссия оны жоққа шығарып, соғыстан кейін нацистердің есепшотары тексеріліп жабылған болатын деп жауап қайтарды.

Бақытжан Абдул-Түменбай тарихшы, журналист-дайджест

Ашық дерек көзінен алынған фотода швейцариялық банкідегі алтын құймалар сақталатын бір секциясы көрсетілген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: