HALYQLINE.KZ Қызылордада алғаш рет Сырдария өзені күні аталып өтті. Аталған шара күні кеше экологиялық акциямен бастау алып, оған 100-ге тарта адам қатысқан болатын. Тазалық шарасына Арал-Сырдария бассейндік Кеңес мүшелері, Халықаралық экологиялық ұйымдар мен Қызылорда облысының табиғи ресурстар басқарамасы мен басқармаға қарасты мекеме мамандары қатысты. Айтулы іс-шара ғылыми-танымдық конференцияға ұласты. Оған «USAID» халықаралық даму жөніндегі агенттігінің өкілдері, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Досбол Бекмамбетов, Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.
Басқосуда ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Досбол Бекмағамбетов құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ USAID Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің өкілі Анна Иноземцева да сөз алып, трансшекаралық өзеннің экологиялық мәселесін дарияның жоғарғы бөлігіндегі мемлекеттермен ынтамақтастық аясында, өзара келесім негізінде ғана шешуге болатындығын айтты.
Жиынға келген экологтар, ғалымдар, су саласының мамандары, қоғам қайраткерелері мен эколгиялық ұйым өкілдері мыңжылдықтар бойы адамзаттың тіршілік көзіне айналған өзеннің маңыздылығын ескере отырып, су ресурстарын тиімді пайдалануды жүзеге асыру арқылы аймақтың флорасы мен фаунасына, экологиялық жағдайына оң әсер етуге болатындығы айтылды. Келелі кездесуде пікір-алмасулар мен сұрақ жауаптар болып, шара соңы су саласы мамандары мен халықаралық ұйым өкілдерінің қатысуымен өткізілген баспасөз конференциясымен қорытындыланды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!