Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«SYR ZHASTARY-ның» жаңа логотипі таныстырылды

22.10.2021, 15:50 833

HALYQLINE.KZ Бейсенбі күні «Жастар орталығында» жастар ресурстық орталықтарының директорлары, қызметкерлері, жастар ұйымдарының  басшылары бас қосты. Мақсат – «SYR ZHASTARY-ның» алдағы жоспарларымен танысу және жаңа логотипті таныстыру.

Бүгінгі күні заман ағымы күн сайын қарқын алып, өзгеруде. Осыған орай, бәсекеге қабілетті жастар ғана жоғары жетістіктерге жетіп, көшбасшы атана алады. Міне, жаңа презентацияның де түйіне осы.

4 стихия. Су, ауа, жер, от – бірігіп толқын формасын құрайды. Бұл – бойында өнер мен білімді, салауаттылық пен іскерлікті, ұлтжандылық пен креативтілікті ұштастырған жаңа буынның, жаңа толқынның символы. Су – жаңа толқынды бейнелесе, Жел – жаңа лептің келуімен байланыстырады. Ал жастықтың, жанданудың белгісін – жасыл желек(жер) айқындаса, От – жастық жалынды бейнелейді.

Орталық директоры Асқар Құрмаш «Жаңа толқын деп отырғанымыз ол – жаңа жастар. Логотип – Сырдың жаңа толқыны бойына барлық қасиеттерді жинақтаған, бәсекеге қабілетті, дарынды, іскер, салауаттылықты жанына серік еткен, көшбасшы, Сыр толқыны деген мағынаны білдіреді» дейді.

Кездесу қорытындысында орталық директоры жаңа логотипті барлық аудандардағы жастар ресурстық орталықтырының желілеріне орналастыруды ұсынды. Жаңа бренд – жаңа бастамаларға жетелейді деп сенеміз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: