Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр дарындылары топ жарды

29.05.2023, 16:10 161

Осы жылдың мамыр айында жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6-сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қорытынды (республикалық) кезеңі өткізілді.

Қашықтықтан өткізілген олимпиадаға аймағымыздан 15 оқушы қатысып, 8 пән бойынша бақтарын сынады.

Білім бәсекесінің қорытындысы бойынша дарынды оқушыларымыз топ жарып, 3 – алтын, 3 – күміс, 5 – қола медаль және 2 алғыс хат иеленді.

І орын иегерлері: Бегалы Шұғыла – Қазалы ауданы, №249 мектеп, Жолдасбай Бекнұр – Арал ауданы, №260 мектеп, Пак Амелия – Арал ауданы, №14 мектеп, 5-сынып.

ІІ орын иегерлері: Журахан Шахназ – Шиелі ауданы, №47 мектеп, Төремұратова Айлышуақ – Арал ауданы, №2 ОММЛИ, Мырамыр Данияр – Жалағаш ауданы, №123 мектеп.

ІІІ орын иегерлері: Шанбай Дінмұхамед – Арал ауданы, №83 мектеп, Еспанов Кенхан – Жалағаш ауданы, №123 мектеп, Өскен Досбол – Қызылорда қаласы, №278 мектеп, Бекмұрат Бағлан – Арал ауданы, №2 ОММЛИ, Боздакова Инабат – Арал ауданы, №14 мектеп.

Алғыс хат иегерлері: Болатбек Ұлықпан – Арал ауданы, 2 ОММЛИ, Абдрахманова Тоғжан – Қызылорда қаласы, 3 мектеп.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: