Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

24.03.2023, 12:00 174

HALYQLINE.KZ Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес – ең өзекті мәселенің бірі. Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Осы орайда сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу мақсатында Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, «Байұзақ Ермекбаев атындағы №271 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қызылорда қалалық білім бөлімінің заңгері Аралбек Көбегенұлының ұйымдастыруымен «Cыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында құқықтық сабақ өткізілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: