Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Суға түсу маусымы ашылғанда, құтқарушылар да тынымсыз жұмысқа кіріседі

04.05.2024, 9:15 239

Аптап ыстықтан қашып немесе демалу үшін суға түсетін азаматтар саны артқан сайын, құтқарушылар да тынымсыз жұмысқа кіріседі.

Мәселен, облыс аумағында 64 участке суға түсуге рұқсат етілмейтін аймақ болып белгіленсе, аталған қауіпті аймақтардың 3-еуі Тасбөгет кентінде орналастырылған. Алайда, осыған қарамастан, өткен суға шомылу маусымдарында «жабайы» жағажайлардың кіреберісіне арнайы ілінген тақтайшаларды елемей, тұрғындар тарапынан бейберекет суға түсу, қауіпсіздік шараларын сақтамау фактілері көптеп тіркелді деуге болады.

Бүгінде жылдағы дәстүрге сай Қызылорда облысы ТЖД “Жедел-құтқару жасағы” РММ құтқарушылары қалалық төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесіп, Тасбөгет елді мекенінде орналасқан Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейінен, №176 орта мектебінен, №257 орта мектебінен, Н.Ергешбаев атындағы №172 орта мектептен 231 оқушы мен 43 мұғалімге су айдындарындағы қауіпсіздік тақырыбында түсіндірме жұмысы жүргізілді. Себебі, су – тіршілік көзі болғанымен, сондай-ақ қауіпті екенін де естен шығармауымыз қажет!

Қызылорда облысы ТЖД “Жедел-құтқару жасағы” РММ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: