Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Су басу қаупі бар аумақтар бақылауға алынды

20.12.2022, 16:55 391

HALYQLINE.KZ Сырдария өзеніне мол су келуіне байланысты бүгін құрамында аудан әкімінің орынбасары Ерсұлтан Апетов, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Жандос Мампаев, «Шиелісушар» мекемесінің басшысы ­Дихан Әубәкіров, жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімі басшысы Нұржан Беркімбаев бар жұмысшы топ өкілдері су басу қауіпі бар учаскелерді аралап, олардың төтенше жағдайларға дайындығын тексерді.

Сонымен қатар, жұмысшы топ өкілдері дария бойында орналасқан, су басу қауіпі жоғары деп танылған Қарғалы, Жөлек, Ортақшыл, Қоғалы, Тартоғай ауылдық округтеріндегі төтенше жағдайларға дайындық жұмыстарын пысықтады.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: