Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сотталғандардың көңіл күйі көтерілді

13.03.2023, 17:40 321

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде сотталғандар арасында «Шындықпен және әзілмен» тақырыбында карикатуралық жарыс ұйымдастырды.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – жазасын өтеуші азаматтардың көңіл күйлерін позитивті күйге ауыстыра отырып, уақытты тиімді пайдалануға қалыптастыру. Сонымен қатар ұйымшылдыққа, бірлесіп әрекет етуге, өз қабілеттерін еркін көрсете білуге дағдыландыру.

Іс-шара барысында жазасын өтеуші азаматтар «Күлеміз», «Біз мықты», тренинг жаттығуларына белсенділікпен қатысып, өз қабілеттерін көрсете білді.

– Күлкі өмірді ұзартады. Сотталғандар арасында көңіл көтеру үшін түрлі іс-шара ұйымдастырамыз. Бұл сотталғандардың бір-біріне деген мейірімділігін артырады. Сонымен қатар, жақсы көңіл-күй сыйлайды, – деді мекеме психологы Шырын Нургалиевна.

– Бұл жарыс өте қызықты тартысқа толы болды. Шара соңында алған әсерімді өлең жолдарымен бөлістім, – деді сотталушы А. есімді азамат.

Қорытындылау барысында белсенділікпен атсалысқан сотталған азаматтар алғыс хатпен марапатталды.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: