Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Сюцай жүйесінің» шариғи үкімі

29.03.2023, 16:55 243

Қазіргі заманымызда әлемде сан қилы  оқиғалар орын алып жатыр, мұсылман адам өмірінде әр түрлі және жаңа мәселелер мен жағдайларға тап болады. Кейде адам Ислам шариғатының заңдары мен ережелерін бұзбау үшін мұндай сәтте не істеу керектігін және туындаған мәселені қалай шешу керектігін білмей қалады.

ҚМДБ шариғатта пал аштыру және жұлдызнамаға сенудің харам екенін ескертеді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Сюцай» жүйесіне қатысты үкім шығарды.

Сюцай – раджа-йога философиясына негізделген нумерологияның бір түрі. Бұл жүйенің сенімінде туған күн, неке қиған кез секілді адам өміріндегі белгілі сандар бір планета энергиясымен тығыз байланыста болады. Сандарда адамның мінезі, қабілеті, өмірге келген мақсаты, болашақта орын алатын оқиғалары қамтылған. Егер сандар энергияға сәйкес келсе, өмірі жақсы, ал сәйкес келмесе, келеңсіз жағдайлар орын алуы мүмкін. Сюцай адамдардың тағдырын өзгертеді деп сенеді.

«Бұл жүйемен шұғылдану шариғатқа қайшы. Себебі, бұл – адамның тағдырын сандарға байлап, оның жағымды немесе кері әсері бар деп сендіру. Сюцай – пал ашудың бір түрі. Шариғатымызда пал аштыру және жұлдызнамаға сену – харам. Осы және өзге де себептерге байланысты сюцай жүйесіне немесе соған ұқсас басқа да тылсым күштермен айналысуға, оларға жүгінуге шариғатымызда қатаң тыйым салынады», – деп жазылған ҚМДБ хабарламасында. ҚМДБ Ғұламалар кеңесі осыған сүйене отырып үкім шығарған.

«Сюцай жүйесінде сандар болжамына сеніп, Алланың құдіретіне шәк келтіру және адамның тағдырын болжау – харам. Мұсылман адам тағдырға иман келтіріп, жақсылық пен жамандықты бір Алладан деп сеніп, болашақты болжайтын түрлі наным-сенімдерден аулақ болуы тиіс», – деп жазылған үкімде.

Сюцай – раджа-йога философиясына негізделген нумерологияның бір түрі. Бұл жүйенің сенімінде адам өміріндегі белгілі сандар (туған күні, неке қиған кезі т.б.) бір планета энергиясы мен тығыз байланыста болады. Сандарда адамның мінезі, қабілеті, өмірге келген мақсаты, болашақта орын алатын оқиғалары қамтылған. Егер сандар энергияға сәйкес келсе, өмірі жақсы, ал сәйкес келмесе, келеңсіз жағдайлар орын алуы мүмкін. Сюцай адамдардың тағдырын өзгертеді деп сенеді.

Бұлжүйемен шұғылдану шариғатымызға қайшы. Себебі: Адамның тағдырын сандарға байлап, оның жағымды немесе кері әсері бар деп сендіру. Мұндай нанымның нәтижесінде адамның Аллаға емес, сандарға сенімі артады. Дінімізде мұндай сандар болжамына сеніп, Алланың құдіретіне, тағдырына шәк келтіру – үлкен күнә. Ислам сенімі бойынша әлемдегі барлық құбылыстар, өзгерістер Алла Тағаланың қалауымен ғана жүзеге асады. Сонымен қатар, тағдырды, болашақты Алладан басқа ешкім білмейді. Алла Тағала қасиетті Құранда:

قُلْ لا أَمْلِكُ لِنَفْسِي نَفْعًا وَلا ضَرًّا إِلا مَا شَاءَ اللَّهُ وَلَوْ كُنْتُ أَعْلَمُ الْغَيْبَ لاسْتَكْثَرْتُ مِنَ الْخَيْرِ وَمَا مَسَّنِ  السُّوءُ إِنْ أَنَا إِلا نَذِيرٌ وَبَشِيرٌ لِقَوْمٍ يُؤْمِنُونَ

«(Уа, Мұхаммед) оларға: «Мен Алла қаламайынша, өз-өзіме титтей де пайда келтіре алмаймын, сондай-ақ өзіме келетін зиянның да бетін қайтара алмаймын. Егер ғайыпты (болашақты) білетін болсам (еш уақытта шығынға ұшырмай) әрдайым мол табысқа кенеліп отырар едім һәм (алдағы қауіп-қатерден алдын-ала сақтанар едім) басыма ешқандай жамандық та, бәле-жала да келмес еді. Мен бар болғаны иман келтіретін қауымға ескертуші әрі сүйіншілеушімін» деп айт», – деген.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ғайыптың кілті бесеу деп, оның бірі ретінде ертеңгі күні не болатынын бір Алладан басқа ешкім білмейтінін атап өткен.

Мұрат ЛЕСБАЕВ,

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

«Дінтану» мамандығының 4-курс студенті,

Ғылыми жетекші: Сарсембаев Р.М

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: