Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шолақ туралы шындық

10.05.2021, 9:00 477

HALYQLINE.KZ Атақты Балуан Шолақтың шын есімі Баймырза баласы Нұрмағамбет екенін білесіздер ме?

Құрбыларымен алау басында арқан тарту ойынын ойнап жүргенінде балалық шағында бір оқыс оқиғаға ұшыраған екен.

Арқанның екінші ұшынан тырмыса тартысып тұрған құрбыларына бір өзі дес бермей, қарсыласады. Арқанды қатты жұлқып қалғанында бар серпінімен отқа құлап, бір қолының саусақтарын күйдіріп алған көрінеді.

Күйген қолы көпке дейін жазыла қоймай, шаруаның бәрін бір қолымен істеуге мәжбүр болған. Сонысына қарап балалар оны Шолақ деп атап кетеді.

Ал одан көп ұзамай, белдескен теңдесінің бәрін, тіпті өзінен үлкен жігіттерді де күресте емін-еркін жыққан. Көзге түскенінде, әуелде құрбы-құрдастары, сосын ересек әлеумет те әлгі атауға Балуан деген анықтаманы қосып айтатын болған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: