Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шіркеу қызметкері сотталғандармен кездесті

27.02.2023, 18:43 554

«Қызылорда қалалық Қазан шіркеуінің» бас қызметкері Ивашинин Сирафин Витаиевич Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №60 мекемесіне келіп Христиан дінінің православтық бағытын ұстанушы сотталғандармен топтық кездесу өткізді. Кездесуге мекемеде ұсталатын 6 сотталған қатысты. Шіркеу қызметкері кездесу барысында сотталғандарға «Ұлық ораза» (Великий пост) тақырыбында насихат айтты. Өз сөзінде: «Алдағы жексенбіден бастап 40 күндік ораза басталады. Ол христиан дінінде «Ұлық ораза» деп аталады. Ораза басталмастан осы жексенбі күні Христиан діні бойынша «Кешірім сұрау» мерекесін атап өтеміз. Бұл күннің ерекшелігі, әрбір Христиан дінінің өкілі барлық ренжіткен адамдарынан кешірім сұрауы тиіс. Тіпті жақтырмайтын адамы болса да, үйіне барып кешірім сұрауы керек. Осылай өзімізді күнәдан тазалау арқылы оразаны бастаймыз. Ал ораза дегеніміз, тек ішіп-жеуден ғана тыйылу емес, адам өз нәпсісін барлық күнәлардан тыйуы қажет. Кімде-кім нәпсісін тия алмаса, оның оразасынан еш пайда жоқ», – деді.

Кездесу соңында Я. есімді отталған: «Осы ораза барысында неке қиюға болады ма?», – деп сұрақ қойды. Себебі, ораза уақытында менің ұзақ мерзімді кездесуім келеді. Сол күнге АХАЖ бөліміне арыз жазып қойған едім. Осы сұрақ мені мазалап жүр, – деді. Өз кезегінде шіркеу қызметкері: «Негізінен Христиан діні бойынша үш жағдайда неке қиюға тыйым салынады. Олар: жексенбі және сәрсенбі күндері, ораза уақытында және Христиан діні бойынша ұлық мерекелер күндері», – деп жауап берді. Кездесу соңында сотталған азаматтар шіркеу қызметкерімен жеке қалып Христиан дінінің салт-жоралары бойынша жасаған күнәарын айтып, шінкеу қызметкері алдында тәубеге келу рәсімдерін жасады.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: