Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шиеліде «Жомарт жүрек» иелері анықталды

12.09.2022, 16:35 599

HALYQLINE.KZ

Бүгін Шиелі ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Жомарт жүрек» қайырымдылық сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара барысында аудан әкімі Нұржан Ахатов туған жері мен елін, ауыл-аймағын өркендетуге үлес қосып, қамқорлық танытып жүрген, мұқтаж жандарға қайырымдылық жасаған жомарт жүректі жандарды, меценаттарды марапаттады.

«Сауда көлік Компаниясы-Шиелі» ЖШС директоры Досмағанбетов Даурен Досмағанбетұлы «Жыл меценаты» номинациясымен, «Жер жомарт Д» ЖШС директоры Ермаханов Асхат Өтепбергенұлы «Туған өлке» номинациясымен, «Бидайкөл» шаруа қожалығының төрағасы Байдалиев Талғат Жылқайдарұлы «Жыл тұлғасы» номинациясымен, «Шиелі ауданаралық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны «Жылдың үздік ұйымы» номинациясымен, «№6 Кен басқармасы» жауапкершілік шектеулі серіктестігі «Жылдың үздік қамқоршысы» номинациясымен марапатталды.

Сонымен бірге республикалық «Жомарт жүрек» қайырымдылық сыйлығына белсене қатысқан бірқатар азамат аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Олардың қатарында «Үміт» шаруа қожалығының төрағасы Батталов Мұрат Бекмұханбетұлы, «Нұрасыл» шаруа қожалығының төрағасы Мырзаев Үсен Нұрахметұлы, «БЕТА-К» ЖШС директоры Машрапин Ерболат Жылқайдарұлы бар.

«Жомарт жүрек» байқауы аудан кәсіпкерлерін қайырымды істерге, ауданның даму жолында аянбай тер төгуге жетелейді деген сенімдеміз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: