Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шиеліде жаңа монша ашылды

22.02.2023, 16:25 323

HALYQLINE.KZ Жақында Шиелі ауданының орталығында жаңа жекеменшік монша іске қосылды. Тұрғындар игілігіне ұсынылған әлеуметтік маңызы зор нысанның иегері – жергілікті іскер азамат Дәулет Досымов. Ауыл тұрғындары жаңа моншаның ашылу рәсімінде қалың қауым оңтайлы орындалған іске ризашылығын білдіріп, қариялар ақ батасын берсе, ақжаулықты аналар елдің амандығын тіледі. Заманауи талаптарға лайықты салынған моншада жуыну құны да қолжетімді.

Жеке кәсіпкер іске қосқан моншаның сыйымдылығы 50 адамға арналған, ерлер залына – 25, әйелдер жағына соншама адам қатар кіру мүмкіндігі бар. Онда касса және буфет орналасқан, демалыс залы, жуынатын орнымен қамтамасыз етілген. Моншаның кіреберіс залы да үлкен. Тұрғындар игілігіне ұсынылған әлеуметтік маңызы зор нысанның иегері Д.Досымов қоғамдық моншаны 4 адамды жұмыспен қамтыды. Нысанның құрылысы 2021 жылы басталып, жобаны іске асыру үшін “Қызылорда” Өңірлік инвестициялық орталығы” арқылы 10 млн теңге көлемінде несие алынды. “Ақ Орда” мөлтек ауданының тұрғындары енді орталықтағы қоғамдық моншаға сабылмайтын болғандары үшін аса қуанышты.

Көптен бері тұрғындардың сұранысына ие болып келе жатқан қоғамдық монша халыққа сапалы қызмет көрсететініне сенімдіміз, кәсіпкерге бизнесінің алға қарай қарыштап дами беруін тілейміз.

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: