Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шетелдік автокөліктерді заңдастыратын МХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді

25.01.2023, 10:10 121

HALYQLINE.KZ 23 қаңтарда елімізде шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталды. Мемлекеттік корпорация қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында МХҚО-лардың жұмыс кестесін өзгерту туралы шешім қабылдады.

Автокөліктерді заңдастыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін МХҚО-лары дүйсенбі және сенбі күндері аралығында сағат 9:00-ден бастап 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Осы жұмыс кестесі бойынша орталықтар келушілерді 2023 жылдың 6 ақпанына дейін қабылдайды.  

Автокөліктерді заңдастыру үшін азаматтарды қабылдайтын МХҚО-лардың мекенжайларын келесі сілтеме арқылы көруге болады:

https://gov4c.kz/ru/press-center/news/339502/.

Естеріңізге сала кетейік, шетелдік автокөліктерді заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: