Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шекті баға бекітілді

26.05.2021, 9:30 421

HALYQLINE.KZ Облыс аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті баға бекітілді.

– Аймақта 11 мамыр мен 20 мамыр аралығында күнбағыс майы, тұз, картоп, сәбіз және пияз өнімдерінің бағасы жоғарылап, жұмыртқаның бағасы төмендеді. Қалған өнімдерге баға тұрақты. Сондай-ақ, 10 дана жұмыртқа 430 теңге, 1 литр күнбағыс майы 632 теңгеден асырмау бойынша облыс әкімінің қаулысы қабылданды, – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнұр Тілеулеева.

Қазіргі таңда облыстың тұрақтандыру қорында 819,8 тонна тауар бар. «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-на қарасты 29 әлеуметтік дүкенде тауарлар белгіленген бағада халыққа ұсынылуда.

Біздің дүкендерде 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімі белгіленген бағада сатылуда. Сондай-ақ, дүкендерде тұрғындардың арыз-шағымын білдіретін журналдар мен сенім телефондары ілінген. Алдағы уақытта Қызылорда қаласында 10 дүкен ашу жоспарлануда. Оның 5-еуінің құрылысы басталды. Қалғандарының құжаттары дайындалуда, – деді «Байқоныр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Талғат Жақыпбаев.

Өңірде шекті бағаларға мемлеккеттік бақылау үздіксіз жүргізілуде. Профилактикалық бақылау нәтижесінде шекті мөлшерден асып кету фактісі анықталған жоқ.

– Әлеуметтік дүкендердегі бағаны үнемі бақылауда ұстаймыз. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі де жалғасатын болады. Рұқсат етілген бағаны мөлшерінен асырса 100 АЕК, қайталанған жағдайда 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, – деді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы сауданы дамыту бөлімінің басшысы Нұрлан Шырынбеков.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: