Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шектен шыққан шылымқорлық

06.06.2022, 13:10 456

HALYQLINE.KZ Күн санап күл болар күллі ауруды жинаған темекіге тәуелділік жиілеп барады. Санаң түсінгенімен, саусағың сәт ойламайтын шылымқорлықтың шегіне қашан жетеміз? Зұлым зат екенін біле тұра, зиянды әдетті тастай алмаймыз. Себеп неде?

Ажалға әкелетін амалдар саны өршіп тұр. Қарапайым ажал емес, азапты. Бұл – темекі сыртындағы ескертпе. Көзбен көргенмен, көңілге түймейміз. Қазіргі таңның таңдаулысына айналған, таңдауы таңдай қақтары тағы бар. Қарапайым, электронды, араб түтіні, т.б. Қарапайым қолданыстан кезі келе шығып, электронды түрі жасөспірімдердің арасында өршіп тұр. Мемлекет тарапынан салынатын тыйымға қарамастан, дүкен сөрелерінен кез келген кісі көңілі қалағанын қанжығалап кетеді. Алғашында еліктеу түрінде болғаны мен келе-келе олар әдетке айналып үйреніп кетеді. Құныққан адам ертемен төсектен көзін-сипастан темекіге ұмтылады. Көп адам темекіні жұмыс үстінде, үзіліс кезінде, көшеде, далада, қарны ашса да тамақ ішсе де шегеді. Үлкен-кіші бірдей әуестенетіндей осы темекіде не бар? Онда қызығарлық түк те жоқ.

Ақиқатына келсек, оның ішінде никотин-дейтін нерв жүйесіне, ас қорыту, тыныс алу, жүрек-қан тамырлар жүйесіне әсер ететін ерекше у бар. Темекі тартудың негізгі зиянын тыныс алу жүйесі қабылдайды, өйткені темекі түтіні ең алдымен сол жүйеге енеді. Залалды заттар тыныс жолдарының тіндерін зақымдайды, түтіктердің түгінің жұмысын баяулатып жібереді. Темекі тарту – өліммен аяқталатын көптеген аурулардың асқынуының басты себебі. Дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салты ғұмырыңыздың ұзақ болуына жауапты болмауы мүмкін. Дегенмен сапалы саналы өмірді сүреріңіз хақ. Түрлі аты жаман аурулардан аулақ болу үшін аталған әрекетке тыйым салу қажет. Сонда ғана, өкпеңіз де өкініш шекпейді, денсаулық дағдарысыңыз дұрыс болып, сау ұрпақ қалдырасыз. Біздің қолдағы құлыншақ – келешек ұлтының ұланы. Ұлт баласының ұлы тағдыры бір тал тұтымға татымауы үшін тыйымдар салынып, тиісті шара жасалуы қажет!

Ағжан АБИЕВА,

Қорқыт ата атындағы ҚУ-дың 1-курс студенті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: