Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шаттыққа толы шырша тойы

28.12.2022, 15:53 209

HALYQLINE.KZ Бүгін аудан әкімінің бүлдіршіндерге арналған жаңа жылдық шыршасы өтті. Мерекелік іс-шараға 100- ге жуық балғындар қатысты.

Балалардың қуанышына аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов ортақтасып, бүлдіршіндерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Аудан басшысы өз сөзінде ең алдымен бүлдіршіндерді Мемлекет басшысы атынан және облыс әкімі атынан мерейлі мерекемен құттықтап, өзіндік ақжарма тілегін жеткізді.

– «Еліміздің жарқын болашағы, ата-аналарыңның бақыты мен қуанышы да өздерің. Сондықтан да, әрқашан, ата-аналарыңызды қуантыңыздар. Зерделі де зерек, білімді де білікті болыңыздар! Бүгінде жасампаз істердің барлығы сіздердің жарқын болашақтарыңыз үшін жасалуда. Келер жылда ұшқыр арман-қиялдарыңыз бен ақ тілек-ниеттеріңіз орындалсын», – деді аудан әкімі Ә.Ерсұлтанов.

Салтанатты іс-шара Аяз ата мен Ақшақарды көтеріңкі көңіл күймен қарсы алған бүлдіршіндердің ән-жырдан шашу шашып, би билеп, өнерлерін ортаға салумен ұласты. Шаттыққа толы шарада аудан әкімі атынан балаларға мерекелік сыйлықтар тарту етілсе, жасыл шырша жанына жиналған ертегі кейіпкерлері ғажайыпқа толы қойылымдар көрсетіп, балауса балғындарды шат-шадыман көңіл-күйге бөледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: