Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шаһардың 101 жастағы тұрғынын мерекемен құттықтады

02.03.2024, 17:25 222

Кеше шаһар басшысы Серік Қожаниязов ортақ үйіміз Қызылорда қаласының ең егде тұрғыны Күлмарам Қонысбаеваның шаңырағына барып, 101 жасқа толған мерейлі жасымен және көктемнің алғашқы мерекесі Алғыс айту күнімен құттықтады.

Жүздің жүзін көрген Күлмарам Қонысбаева 1923 жылдың 10 ақпанында дүниеге келген. Қызылорда қаласындағы Т.Әубәкіров көшесі №73 үйде тұрады. Тыл және еңбек ардагері. Көп жылдар бойы Қазалы аудандық емханасында тазалықшы болып жұмыс жасаған. Бүгінгі күні 2 баласынан 4 немере, 12 шөбере, 1 шөпшек сүйген аяулы әже.

Күлмарам әжейге аймақ басшысы Н.Нәлібаевтың арнайы құттықтауын жеткізген қала әкімі Серік Қожаниязов: «Ғасыр куәгері Өзіңізге құрметіміз зор. Сіз ел басына күн туған шақта ер азаматтармен иық тіресе тылда еңбек етіп, Ұлы жеңісті жақындатуға үлесіңізді қостыңыз. Соғыс жылдарынан кейін де қазақ әйеліне тән қарапайымдылық үлгісінен танбай халыққа қалтқысыз қызмет еткен Сіздің ғұмыр жолыңыз ұрпаққа өнеге. Алла деніңізге саулық беріп, ұрпағыңызбен мың жасаңыз. Біз соған тілекшіміз»- деп, қазақы дәстүрмен жөн-жоралғысын, сый-құрметін жасады.

Күлмарам әже өз кезегінде елеп-ескеріп жатқан ел азаматтарына шынайы ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: