Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шаһар басшысы көзі нашар көретіндер қызмет ететін мекемеге барды

23.01.2024, 17:30 239

Шаһар басшысы аралаған келесі нысан – «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы. Филиал басшысы Бидайкүл Байманова аймақтағы көзі нашар көретіндердің ортақ мәселесін қағаз үлгісінде ұсынып, алдағы уақытта ол мәселелер шешілетініне сенетінін жеткізді. Шаһар басшысы көз жанары жақсы көрмесе де, көптің тірлігін бір кісідей атқарып жүрген «Қазақ соқырлар қоғамының Қызылорда оқу-өндірістік кәсіпорыны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметкерлерінің жұмысымен танысып, қажеттіліктері мен мәселесін тыңдады.

Қазақ соқырлар қоғамының Қызылорда оқу өнірістік кәсіпорны
1941 жылы ашылған. Кеңес одағы кезінде мұнда ағылшын түйреуіші, әскери киімдерге ілгектер, қағаз қалталар мен блокноттар жасалып, мақтадан арқан, төсеніш матрас тігілген. «Арал тұз» комбинаты мен облыс орталығындағы аяқ-киім фабрикасына қатырма қағаздан қалта мен қорапшалар жасалған. Сонымен қатар, үй ақтайтын щётка, резенке қалдығынан аяқкиім тазалағыш, шыны құтының қақпағы әзірленген. 1990 жылдан кейін аталған таурларға сұраныс күрт төмендеп, кәсіпорын тоқырауға ұшыраған.

Қазіргі кезде тігін цехында тігін өнімдерін өндіру жалғастырылуда.
1999 жылдың наурыз айында кәсіпорынның аты «Қазақ соқырлар қоғамы оқу өнірістік кәсіпорны» ЖШС болып қайта тіркелген. Кәсіпорында көзі нашар көретін мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейді. 2024 жылы өндірістік кәсіпорынға 24 адам қоғамдық жұмысқа қабылданды. Оның ішінде 15-і –мүгедектігі бар адамдар.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, мұнда көбінде тігін ісмерлері қызмет етіп жатыр. Қоғамдық жұмыспен іске кіріскен көз мүгедектігі бар жандар матрас дайындап, құрақ көрпе, көрпеше, түрлі тігін өнімдерін кестелейді. Мұндағы жұмысшылар қала әкіміне жақсы, күрделі тігетін тігін машинасы арқылы көмек керек екенін айтып, істерін алдыға ілгерілету үшін осы мәселені шешіп беруін сұрады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: