Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сауат Мыңбаев үнділермен құда болды

24.05.2023, 15:55 293

Мамыр айының басында Түркияның Измир қаласында Сауат Мыңбаевтың қызы мен танымал үнді кәсіпкерінің ұлының тойы өткен, деп хабарлады Basekz телеграм каналы. 

Қонақтардың бірінің айтуынша, тойда Қазақстанның беделді адамдары төбе көрсеткен. Олар: Тимур Құлыбаев, Болат Өтемұратов, Владимир Ким, Александр Машкевич, Бауыржан Байбек, Бақытжан Сағынтаев, Ахметжан Есімов, Патох Шодиев, Тимур Турлов.

Той үнді стилінде өткен. Жастардан Субханбердин, Смағұлов, Рахымбаев, Баталов, Құлыбаев және тағы басқа да бай-бағландардың балалары қатысқан, деп жазады телеграм канал.

 

Жақында Түркияда 27 сәнді вилласы бар қазақстандық жастар туралы видео тараған еді. Әңгіме жоғарыда аталған олигархтардың балалары туралы болды.

Сауат Мыңбаев ұзақ жыл «Қазақстан Темір жол» компаниясын басқарып, Мұнай және газ министрі қызметін атқарған болатын.

Сауат Мыңбаев қызмет бабында жүргенде экс президенттің інісі Болат Назарбаевпен ақша мәселесіне келісе алмай, қатты жарақат алған деседі. Сол уақыттан бері ол арбаға таңылған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: