Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сақтық шараларын сақтау маңызды

24.01.2023, 17:30 356

Бүгінде облыстағы су айдындарынан келетін қауіпті сейілту мақсатында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері үздіксіз рейд жұмыстарын жүргізуде. Дегенмен, қауіпсіздік ережелерін ескермегендер қатары көбейіп келеді. Осыған байланысты, бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғындарға сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертті.

Бүгінде облыс аумағындағы су айдындарында мұздың қалыңдығы – 16 см мен 41 см аралығында. Осыған қарамастан дария маңында қауіпсіздік шараларына бей-жай қарап, балық аулайтын азаматтар жиі кездеседі. Мұз адам салмағын көтере алмағандықтан оқыс жағдайлар орын алуы әбден мүмкін. Сондықтан, біз күнделікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп рейд жұмыстарын үздіксіз жүргізудеміз. Сондай-ақ, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сақтық ережелері көрсетілген үн парақтар таратамыз. Бұдан бөлек, қала орталығындағы адам көп шоғырланатын орындарда күнделікті дыбыс ұлғайтқыштар арқылы сақтық ережелері түсіндірілуде, – деді облыстық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Нұржігіт Тұрғанбай.

Балық аулау кезінде мұздың жұқа немесе қатпаған жерлеріне шығуға, мұздың жекелеген учаскелерінде топтармен жиналуға, мұздағы ойықтарға жақындауға болмайды. Сондай-ақ, мұздың үстіне түнгі уақыттары жүруге тыйым салынған. Тағы бір айта кететін жайт, шектеулі алаңда екіден артық шұңқыр тесуге және от жағуға рұқсат етілмейді, – деді азаматтық қорғаныс офицері Мадияр Әбсаттар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: