Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сапасыз жолдар сүрілуде

22.06.2022, 18:00 186

HALYQLINE.KZ Елімізде жол сапасын жақсарту мақсатында мыңнан астам нормативтік-құқықтық құжат қайта қаралып жатыр. Соның ішінде, әкімдердің жұмысын автокөлік жолдарының сапасы арқылы бағалау көзделген. Бұл осы салаға атүсті қарайтын шенеуніктердің жауапкершілік жүгі арта түседі деген сөз. Қазіргі таңда облыс аумағында жол құрылыстары қызу жүріп жатыр. Бірақ, соның сапасы қандай? Осы орайда, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Қызылорда облыстық филиалының мамандары жол құрылысында атқарылған жұмыстарға есеп берді.

«Аймақ жолдарына жыл басынан бері 169 рет тексеру жүргізуге шығып, ішінара 508 сынама алынды. Зертханалық сараптама барысында соның 63 құрылыс материалы талапқа сай болмай шықты. Ал жолдарға аспаптық тексеру кезінде 207 олқылық анықталды. Нәтижесінде біздің мекеменің ықпалымен мердігерлер мен тапсырыс берушілерге ескертпе хаттамалар жолданып, сапасыз деп танылған 20 миллион 350 мың теңгенің асфальт жабындысы сүріліп, қайта төселді. Яғни, олқылықтар дер кезінде түзетіліп, жол сапасы қатаң бақылауда», – дейді зертхана меңгерушісі Мағжан Қасымхан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: