Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Сәбилер үйінің» қызметкері: «Балалар­дың бақыты – біздің бақытымыз

05.02.2023, 17:00 312

HALYQLINE.KZ

Гүлсім ЕРЖАНОВА,

«Сәбилер үйінің» бас дәрігері:

«Мұнда (Сәбилер үйін айтады – ред.) жеткізілген әрбір бала алдымен медициналық, психологиялық тұрғыдан тексеріліп, кейін қажетті ем-дом жасалады. Ал кей жағдайда дене жарақатына ұшыраған балаларды сот-медициналық сараптамаға жіберіп, талдау  жасалады. Егер шарананың жәбір көргені  расталса, ары қарай бұл іс сот жүзінде қара­лады.

Кейбір балалардың ата-анасы енді бағып-қағу қолымыздан келмейді десе, енді біреуінің әке-шешесі ауру сәбиінен бас тартқан. Ал кейбірі өз жақындарынан физикалық қысым көріп, нәтижесінде сот немесе көршілерінің айтуымен «Сәбилер үйіне» жеткізілген. Бұл жағдайға тіке қараған күннің өзінде, жетімді жылату, оның асыраушысының жоқ екенін көре тұра өзектен итеру дұрыс қылық емес. Сол үшін бұл мекеме баланың тастанды болып, көше кезбеуі үшін өз қамқорлығына алады. Балалар­дың  бақыты – біздің  бақытымыз».

Толық нұсқасы:

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: