Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Рухани келісім – Тәуелсіздік тірегі

19.10.2022, 13:30 332

HALYQLINE.KZ Достық үйінде Рухани келісім күні мерекесінде аймақтағы этно-мәдени және діни бірлестіктер өкілдері арасында «Рухани келісім – Тәуелсіздік тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Еліміздің дінаралық және конфессияаралық келісімін нығайту жолында ерекше күн ретінде танылған бұл мереке 1992 жылдан бері 18 қазанда «Рухани келісім күні» ретінде аталып өтуде.Аймақтағы этно-конфессияаралық келісімді одан әрі жетілдіру жолдарын талқылау бағытында ұйымдастырылған шараға өңірдегі діни және этно-мәдени бірлестіктердің жетекшілері, дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері қатысты. Облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары А.Қамбаровтың құттықтау сөзінен соң «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Б.Үсенбаев «Этноконфессияаралық келісімді сақтаудағы Ассамблеяның рөлі», Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің бас имамы Б.Абуов «Дінаралық келісім – басты ұстаным», Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы Б.Қожамберлиев «Зайырлылық – дін мен мемлекеттің арасындағы алтын көпір» тақырыптарында баяндама жасады.Қоғамды ұлты мен дініне қарамастан біріктіруге, тұрақтылық пен келісімді сақтауға және одан әрі дамытуға бағытталған шара қатысушылары ұтымды пікірлері мен орамды ойларын ортаға салды.

Іс-шара соңында аймақта мемлекеттік дін саясаты мен дінаралық келісімді сақтауға өз үлестерін қосып жүрген қызметкерлер ҚР АҚДМ Дін істері комитеті төрағасының, облыс әкімі орынбасарының, облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: