Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Рұқсатсыз тасталған қалдықтар орны азайып жатыр

18.02.2024, 18:30 250

Қызылорда облысының Экология департаменті есепті кезеңде табиғатты қорғау шараларын орындауға және қоршаған ортаға эмиссияларды төмендетуге ерекше ден қойған. Департамент өткен жылы қоршаған ортаны қорғау саласында 95 субъектіге бақылау шарасын ұйымдастырған. Оның ішінде 80 субъектіге бармай профилактикалық бақылау жасалса, 15 субъекті жоспардан тыс тексерілген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Қайсар Бектібаев мәлімдеді.

– 2023 жылы қоршаған ортаның ластануының 5 дерегі орын алып, қайта қалпына келтіру бойынша 5 субъектімен ремедиация бағдарламасы әзірленген. Соның нәтижесінде, 2 971,5 шаршы метр ластанған жер қалпына келтірілді. Департаменттің заңсыз қалдық орындарын болдырмау жөніндегі жұмыстардың нәтижесімен рұқсатсыз тасталған қалдық орындары жыл сайын азаюда. Өткен жылы департаментпен 131 қоршаған орта объектілеріне мониторингтік бақылау жүргізілді, – дейді Қайсар Дарханұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: