Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Рэп-баттл айтыстың аналогы ма?

20.04.2023, 11:20 812

Мұнда негізі 50-дің дауысы болу керек

Бірақ кө*іне кіріп бара жатыр ма?

Әлде, әсер ете ме қаражатыңа?

Менің жүріс-тұрысымның дұрыс, бұрысы

Қойшы, бауырым, нах ұрысып?

Нақұрыс боп нах ұрысып?

ZaQ (Ninety One) тобының мемберы

Әлемде рэп жанры күн өткен сайын дамып келеді. Аудиториясы кеңейе түсуде. Бұл жанр­дың елімізге келгеніне де біраз уақыт болды. Десе де, енді ғана шоу-бизнесте қарқын алуда. Мәселен, жақында ғана отандық рэперлердің әлемжеліде орындаған импровизациялық әндері бүкіл ел арасында қазір айтылып жүр. Жоғарыда жазған өлең жолдары да – соның бір парасы. Алайда осы рэп-баттлдар қазақ айтысының аналогы емес пе? Екі адамның диалог жасап, сөз таластыруы бір-біріне ұқсас. Айыр­масы бірінде домбырамен шырқалса, енді бірінде ритм арқылы орындалады. Сондай-ақ, рэпте анайы сөздер  қосылады. Ал,  сахнаны  киелі  тұтқан  қазақ  айтыста  мұндайға  жол  бермесі  белгілі.

Жалпы, айтыс мына кезеңнен бастау алды деп айтуға келмейді. Бұл поэзиялық жанр – ежелден басталған ауыз әдебиетінің бір түрі. Сол себепті айтыс өзге елден келді деген тұжырым жасау қиындау. Ал, рэп жанрының түп-тамырына үңілсек, Абиг есімді Африка құрлығының азаматы бір құрлықты түгелдей аралап, жаңалықты рэп арқылы жеткізген. Әрине, қазіргідей ритмі бәрі үйлеспейтіні сөзсіз. Осылайша, қара нәсілді адамдар монотонды жұмыс барысында бірлесіп ән айтқан, шапа­лақ пен саусақтардың серпілісі арқылы ритм жасаған. Бүгінгі күні бұл ритмдер клэп пен снэп деген атауларға ие. Алайда рэп жанры замануи бетбұрысқа 1970 жылдан бастап көшті.  Он  жылдан кейін барып, рэп-баттл ұғымы шықты. Осыдан кейін айтыстың элементтері алынды ма деген күдік іште болары хақ. Неде болса, кез келген дүние көшіріліп, жаңашаланатыны ақиқат. Африка Азиядан ұрласа да немесе керісінше болса да, отандық рэпер Дулат Мұхаметқали айтпақшы, нақұрыс боп құр ұрысқанның қажеті жоқ. Қайткенмен де, ұрланатын  дүние  ұрланып,  дамып  болды.

ҚҰЙЫН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: