Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Референдум – үлкен өзгерістің бастауы

01.06.2022, 9:40 273

Қызылорда гарнизонында жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері мен азаматтық персоналына 5 маусымда өтетін референдумның тарихи маңызы түсіндірілді.

Аталған шараға «Қарулы күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, Қарулы күштердің Құрметті ардагері запастағы подполковник Мыңділда Ршауовтың қатысып, жалпыұлттық референдумның мақсаты мен міндеті жеткізді.

Мемлекет басшысының жалпыұлттық референдум өткізу бастамасын қолдай отырып, реформалар нәтижесінде еліміздің саяси, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық барысына қатысты өзгерістерге қатысты басымдықтарға тоқталды.

 – Өткелі тұрған республикалық референдум соңғы 27 жыл ішіндегі тарихи мәнге ие маңызды оқиға. Жоғарғы Бас қолбасшымыз айтқан естуші жаңа Қазақстанды қалыптастыру ісі сіз бен біздің қолымызда. Оны құруға әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз керек, – деді Мыңділда Ршауов.

 Жиын соңында шараға қатысушылар жалпыұлттық референдум өткізу бастамасын қолдайтынын және Жаңа Қазақстанды құру жолында мемлекетке үлкен сенім артатындықтарын жеткізді.

Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы

лейтенант  Мұхит Қонаров

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: