Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорданы көркейту мәселесі талқыланды

20.02.2023, 20:15 228

HALYQLINE.KZ Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Қызылорда қаласының сәулеттік келбетін көркейту жөніндегі мәжіліс өтті.

Қазақстандық урбанистер қауымдастығының төрағасы Ерлан Аукенов және «ENVICON» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Роман Шнайдерман облыс орталығының қоғамдық кеңістіктерін тиімді пайдалану бойынша әзірлеген ұсыныстарын таныстырды.

Атап айтқанда, қала көшелері мен көпшілік жиналатын орындарды көгалдандыру, барлық тұрғындар үшін ыңғайлы демалыс аймақтарын қарастыру және жаяу жүргіншілердің кедергісіз қозғалуына жағдай жасау мәселелері қаралды.

Аймақ басшысы Сыр елінің бас шаһарын көркейту бағытында атқарылған жұмыстар үшін алғыс білдірді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов пен қала әкімі Асылбек Шаменовке тиісті сала басшылары ұсынған жобаларды бірлесіп қарап, нақты ұсыныс беруді тапсырды. Еске салсақ, өткен айда Қазақстандық урбанистер қауымдастығының төрағасы Ерлан Аукенов пен «ENVICON» ЖШС директоры Роман Шнайдерман Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келіп, дамыған мемлекеттердің қалаларды көркейтудегі озық тәжірибелерін таныстырған болатын. Сол жиында Қызылорда қаласының даму перспективалары талқыланды.

Бұған дейін Қазақстандық урбанистер қауымдастығы Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Павлодар, Шымкент, Тараз және басқа да қалаларды көркейтуге бағытталған жобаларды әзірлеген.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: