Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада ұлттық домбыра күніне орай гала-концерт өтті

03.07.2023, 9:40 152

HALYQLINE.KZ Ұлттық құндылықтарымыздың бiрi – қасиетті қара домбыраны дәріптеу мақсатында Сыр өңірінде көптеген iс-шаралар ұйымдастырылуда. Аудан орталықтары мен ауылдарда түрлi мәдени-көпшілік жиындар мен кештер өткiзiлуде.

Ұлттық домбыра күні қарсаңында Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған «Күй мен күйшi» атты халық аспаптар оркестрінің күйші-концертмейстерлерінің республикалық фестивалі өтті. Оның қорытындысымен Тұңғыш Президент саябағында гала-концерт ұйымдастырылды.

Облыс әкімінің орынбасары Балмейір Сансызбайұлы өнер шеберлерін құттықтады.

Мерекелік кеште «Қара жорға», «Сарыарқа», «Адай» секілді күйлер орындалып, қалың көрерменге рухани азық, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: