Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада ерекше аялдама пайдалануға берілді

10.11.2022, 15:15 283

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласында ерекше аялдама пайдалануға берілді. Ырысты, күрішті шаһар тұрғындары енді автобусты өрт сөндіру көлігінің кабинасында күтеді. Иә, қағыс естіген жоқсыз. Бұл аялдама – Сыр құтқарушыларының креативті жобасы көптің ықыласына бөленіп те үлгерді. Әлеуметтік желі былай тұрсын, өткен әрбір жолаушы селфи-фотосуретке түсіп, ерекше әсер алуда. Жаңа арт-жоба аялдама көпшілікке тек паналау мақсатында ғана қажет емес, сонымен бірге ақпараттық көмек ретінде де тиімді. Аялдамада қауіпсіздік ережелерімен танысуға да мүмкіндік бар.

Сондай-ақ жастарға құт­қарушы мен өрт сөн­ді­руші мамандығын қалай меңгеруге және азамат­тық қорғау қызметіне қалай жолдама алуға болатыны туралы жа­зыл­ған. Жобаның ор­на­ласқан жері кездейсоқ таңдалған жоқ. Аялдама №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлі­мінің жанындағы М.Саламатов көшесінің бойына орналасты. Аталмыш аялдама қызмет бабында қаза тапқан өрт сөндірушілерге арналған “Отқа оранған өрендер” атты ескерткіші бар, көптеген кәсіби маманды даярлаған өрт сөндіру бөлімінің маңынан ашылып отыр.

Қызылорда облысы ТЖД

“Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі”

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: