Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда спорты қара жамылды…

15.12.2022, 9:50 480

Сырдария ауданының әкімдігі, аудандық мәслихат, «Amanat» партиясының аудандық филиалы, аудандық ардагерлер және Қоғамдық кеңесі көгалдағы хоккейден Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, «Ерен еңбегі» үшін медалінің иегері, Қазақстан Республикасының «Құрметті спорт қызметкері», Сырдария ауданының «Құрметті азаматы»

ҚОБЛАНДИН СҰЛТАН ИБРАГИМҰЛЫНЫҢ

мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты марқұмның жақындарына, ағайын-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.


Қобландин  Сұлтанбек 1959 жылы 9 мамырында  Тереңөзек  ауданы,  Шіркейлі  ауылында  дүниеге келді.

1967 жылы  аудан орталығындағы  №35 қазақ орта мектебінің 
1 сыныбына  қабылданып, 1977 жылы  он жылдық  орта мектепті  бітіріп шықты.

1978 жылы Тәжікстанның астанасы  Душанбе қаласында  дене шынықтыру  және спорт институтына оқуға  түсіп, көгалдағы хоккейден  Тәжікстан Республикасының  құрама командасының  құрамында ойнады.

1982 жылы көгалдағы хоккейден  «Динамо»  командасына  шақырылып, Алматы дене шыныықтыру және спорт институтын осында аяқтады.

1982 жылы КСРО чемпионы КСРО кубок иегері атанды.

1984 -1986 жылдары СКА спорт клубында ойын көрсетіп, Совет Армиясы қатарында болды.

1986 жылдан бері Қызылорда облысының көғалдағы хоккейден ерлер –әйелдер құрама командасының аға бапкері болып еңбек етіп келеді.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы ерелер құрама командасының аға бапкері.

2002 жылы көғалдағы хоккейден Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушысы атағы берілді.

2008 жылдан бері жоғары категориямен еңбек етіп келеді.

2008 жылы Ауған соғысы ардагерлер ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығы кеңесінің шемімен қайырымдылығы үшін «Сауап» медалімен марапатталды.

2010 жылы Қызылорда облысының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін «Қызылорда облысына – 70 жыл» медалімен марапатталды.

2011 жылы VII қысқы Азия ойындары Алау Эстафетасының алаугері болды.

2011 жылы «Қазақстан Респуликасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен награтталды.

2011 жылдың қортындысы бойынша Қызылорда облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының «Ең үздік жаттықтырушы» номинациясында ІІІ орынды жеңіп алды.

2012 жылы ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Құрметті спорт қызметкері» төс белгісімен марапатталды.

2013 жылдың қортындысы бойынша «Ең үздік жаттықтырушы» номинациясында ІІІ орынды жеңіп алды.

2013 жылы «Сырдария кәсіпқой көгалдағы хоккей спорттық клубы» МКҚК-нің директоры болды.

2014 жылы ҚР Президентінің жарлығы бойынша «Ерең еңбегі» үшін медалімен марапатталды.

2014 жылы Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына 60 жыл толуына орай естелік төс белгісімен марапатталды.

2007 – 2011 жылдар аралығында 30 спорт шеберін дайындады.

Облыстың ерлер –әйелдер командалары Қазақстан Республикасы чемпионы атағын бірнеше рет иеленді.

2007 -2013 жылдар аралығында 60 спорт шебері 22 тамыз 2012 жылғы      Қ.Р. Туризм және спорт министрлігінің №241 бұйрығымен «Құрметті спорт қызметкері» құрмет белгісімен марапатталды.   

2016 жылы «Қазақстан Ұстаздары» қоғам мүшесі, «Тәлімгер» медалінің иегері.

2017 жылы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» спорттық атағы берілді.

2018 жылы Сырдария ауданның әлеуметтік-экономикасының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін ауданның 90 жылдық мерекелік медалімен марапатталды.

2018 жылы «Қызылорда қаласының 200 жыл» мерекелік медалімен наградталды.

2020 жылы Сырдария ауданының Құрметті азаматы атағын иеленді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: