Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Республика күні қалай тойланады?

20.10.2022, 17:20 273

HALYQLINE.KZ Ұлттық мереке аясында облыста қайырымдылық және қоршаған ортаны қорғауға арналған экологиялық акциялар өткізіледі. Осы мақсатта өңірдегі еріктілердің бастамасымен «Жанашыр Жүрек» халықтық акциясы ұйымдастырылады. Сонымен қатар, облыс тұрғындарының қатысуымен «Таза табиғат» жаппай экологиялық науқаны, экологиялық дәстүрлерді қалыптастыру мақсатында «Менің үйім», «Менің аулам» отбасылық акциялары, «Таза лайк» жалпыхалықтық сенбіліктер де өткізілмек.

Республика күні қарсаныңда елдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті насихаттауға арналған «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты республикалық фестивалінің өңірлік кезеңі өткізіледі. Игі шарада түрлі этнос өкілдері арасында танымдық кездесулер мен этномәдени бірлестіктердің шығармашылық бастамалары насихатталады.

Республика күніне тарту ретінде Жалағаш ауданында 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебі ашылып, ел игілігіне беріледі.Сондай-ақ, Таң ауылында 30 төсек-орындық дәрігерлік амбулатория аудан тұрғындарына пайдалануға берілмек. Айта кету керек, бұл нысанда 18 кабинет, оның ішінде 2 стационар кабинеті, 1 психолог кабинеті, 1 терапия кабинеті, 2 дәрігерге дейінгі қабылдау бөлмесі, 1 егу бөлмесі жасақталған.

Республика күніне Байқоңыр қаласында да ұлықталады. 20-22 қазан күндері «Тәуелсіздік – бәрінен қымбат» мерекелік іс-шарасы өткізіледі. Мұнда ұлттық мерекенің маңыздылығы дәріптеліп, қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Ал 25 қазанда орталық алаңда жастар флешмобы мен мерекелік концерт және «Қазақстаным – егемен елім, байрағым» жастар акциясы ұйымдастырылмақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: