Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Құдықтан баланы құтқарған батырға пәтердің кілті табысталды (Видео)

26.08.2022, 13:15 595

HALYQLINE.KZ «Қызылорда облысындағы педагогикалық тамыз кеңесіде 2 жарым жастағы баланы құдықтан құтқарған 15 жастағы Арман Аманжоловқа 2 бөлмелі пәтердің кілті табысталды» деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz сайты.

Мерейлі күндегі ең маңызды сәттің бірінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев 2,5 жастағы сәбиді ашық тұрған кәріз құдығынан құтқарған 15 жастағы Арман Аманжоловқа ерекше алғыс білдіріп, демеушілермен бірге екі бөлмелі пәтер кілтін табыстады.

Еске салайық, Қызылорда қаласында төрт метрлік құдыққа түсіп кеткен екі жасар баланы кездейсоқ өтіп бара жатқан жасөспірім құтқарып қалды. Оқиға 19 тамыз күні орын алған. Баланың шұңқырға түсіп кеткенін көрген жасөспірім бірден құтқару үшін құдыққа түскен.

15 жастағы Арман Аманжолов – Арал ауданы Бөген ауылының тумасы. Жасөспірім облыс орталығына колледжге құжат тапсыру үшін келгенін айтады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: