Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда қаласының әкімі Республика күнімен құттықтады

25.10.2022, 20:15 430

Ардақты жерлестер!

Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тарихқа тереңірек қарасаң, әрбір мемлекет ел болуға бекініп, тағдыршешті шешімдерін қабылдаған күнді ұлттың басты құндылығы, қастерлі мерекесі ретінде атап өтеді. Президентіміздің игі бастамасымен қайта оралған Республика күні әрбір азаматтың мемлекетшіл ұстанымға берік болып, отаншылдық сезімін оята түседі деп санаймын.

Киелі Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын», – деп мерекеге ұлттық сипат берді.

Расында, еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы – егемендік декларациясы қабылданған күнді ұлттық мереке ретінде қайта бекіту аса маңызды шешім болды. Бұл – тарихты, мемлекеттік құрылысты, бетбұрысты оқиғаны тереңірек ұғудың көрінісі.

Мән-маңызы ерек мерекені мемлекеттік деңгейде, барша ұлт пен ұлысқа ортақ тойлау біртұтас елімізді бірлікке жетелейді.

Бірлік пен берекенің саясына топтаса біліп, тәуелсіз еліміздің дамуына бірге қызмет етейік!

Ел іргесі сөгілмесін! Мереке құтты болсын!

Құрметпен, Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шаменов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: