Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда оқушысы асқабақтан бетке арналған маска мен сабын жасайды

09.01.2023, 17:35 304

HALYQLINE.KZ Әли Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейінің 5-сынып оқушысы Айша Тұрмахан 2-7-сынып оқушылары арасында облыстық «Зерде» зерттеу жобалары байқауында бірінші орынды иеленді.

Айша жетекшісі Мөлдір Жандосқызымен бірге қазылар алқасына бет маскасының екі түрін – шикі және қайнатылған асқабақтан және асқабақ қосылған сабынның үш түрін (біріншісі – әртүрлі майлары бар экосабын, екіншісі – желатин қосылған және үшіншісі – сұйық) таныстырды.

Өздеріңіз білетіндей, асқабақтың құрамында көптеген дәрумендер, минералдар, қышқылдар және басқа микроэлементтер бар. Осы қасиеттердің арқасында асқабақ маскалары терінің сұлулығы мен жастығын сақтауға көмектеседі.

Айшаның анасы Бақыт Орданова айтқандай, қыз өте талантты және ізденімпаз. Ол вокал сыныбы бойынша өнер мектебінде оқиды. Әр түрлі ән байқауларына қатысады және жүлделі орындарға ие болады. ҚР Тәуелсіздік күніне орай Айша оқушылар тобымен бірге Алматыға республикалық ән байқауына барды. Қыз екі ән орындады, біреуі Гран-при, екіншісі бірінші орын алды. Сондай-ақ, ол шет тілдерді үйренуді ұнатады, орыс және ағылшын тілдерін жақсы біледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: