Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облысының бюджеті қанша?

07.06.2023, 16:20 325

Бүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Қызылорда облысының әкімі ретінде алғаш рет Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізді. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап, БАҚ өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берді.

Қазір облыстың бюджеті – 593 млрд. теңге. Оның 64 пайызы әлеуметтік салаға бағытталған. Тартылған инвестиция көлемі – 409,5 млрд. теңге. Шыны зауыты биылғы 4 айда 305 млн. текше метр шыны өндірді.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша алдағы 3 жылда 21 мектеп салынады. Биыл 10 білім ұясының құрылысы басталады.«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғыру» ұлттық жобасы аясында Қызылорда облысында 27 денсаулық сақтау нысаны бой көтереді.

Сыр өңірінен шыққан меценат, демеушілер туған жерді түлетуге 30 млрд 100 млн. теңге салды.Қызылорда қаласы мен аудандарда 5488 отбасына көкөніс-бақша өнімдерін егуге 3 мың гектардан астам жер берілді.

«Сыр жастары» бағдарламасы аясында алғаш рет 100-ден астам жас отбасыға тұрғын үй беріледі.

Жолаушылар тасымалдау қызметін жақсарту үшін өткен жылы 150 жаңа автобус алынды. Қыркүйек айына дейін тағы 150 автобус алынады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Сеул Ұлттық ғылыми-техникалық университеті арасында меморандумға қол қойылды.

«Акса энерджи» түрік компаниясымен бірлесіп, қуаты 240 мегаваттық жылу электр орталығының құрылысы салынуда.

Қызылорда облысында «Үлгілі елді мекен» конкурсы өтеді. Нәтижесінде «Үлгілі ауыл», «Үлгілі аудан орталығы», «Қызылорда қаласының үлгілі шағын ауданы» номинациялары бойынша жеңімпаздарға жеңімпаздарға 14 техника табысталмақ.

Биыл «Қызылорда-Жезқазған» жолының 140 шақырымнан астамы аяқталады деп күтілуде.

Асқар Жұмаділдаев атындағы жас математиктер байқауы және Кеңес Дүйсекеев атындағы әншілер конкурсы биыл алғаш рет халықаралық деңгейде өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: