Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облысы командасы үздік атанды

02.06.2023, 16:50 195

Тараз қаласында Қазақстан Республикасының VI жазғы спартакиадасы бағдарламасындағы дзюдодан өткен жарыста Сыр елінің спортшылары командалық есепте чемпион атанды.

Спартакиадаға 14 қызылордалық қатысты. Оның ішінде үш алтын медальді 60 келі салмақтағы Мағжан Шамшадин, 66 келідегі Әділбек Берікұлы, 100 келідегі Шархан Нұрлыхан алды. Бір күмісті 81 келі салмақтағы Жұбаназар Абылайхан иеленсе, 48 келідегі Жанерке Асқарова, 57 келідегі Мұхамбет Дина, 78 келідегі Бисембай Әсел үшінші орынға шықты.

Жарыс қорытындысында сырбойылықтар үздік нәтиже көрсетіп, командалық есепте бірінші орын иеленді.Айта кетейік, спартакиада әрі қарай еліміздің басқа қалаларында жалғасын таппақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: