Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: 4 ірі өндіріс орны іске қосылмақ

26.01.2021, 17:30 1601

HALYQLINE.KZ Сыр өңірінде ірі өндіріс орындары саналатын фабрика мен зауыттар биыл пайдаланылуға беріледі. Құны 48,5 млрд теңгені құрайтын 4 жоба іске қосылады деп жоспарланып отыр. Олар – Қызылорда қаласындағы шыны зауыты, Қармақшы ауданындағы құс өндіру фабрикасы, Арал ауданында тұз өндіру және түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығару зауыттары. Бүгінде Арал ауданындағы екі жобаның құрылыс жұмыстары 70-80 пайызға аяқталған. Қос жобаның жалпы құны 4,4 млрд теңгені құрайды.

Облыста биыл 3 бірдей зауыт салу жұмыстары басталады. Яғни, «Шалқия» полиметалл кен байыту фабрикасы, калцийленген сода зауыты мен шағын арматура зауыты салынады. Сондай-ақ, құрылысы өткен жылы бастау алған ет комбинатының салу жобасы жалғасын табады.

Ерекше айту керек, Қызылорда өңірінде индустрияландыру бағдарламасының үшінші бесжылдығы аясында бәсекеге қабілетті, экспортқа бағытталған 37 жоба жүзеге асырылады. Нәтижесінде 7 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: