Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызмет алушылардың денсаулығы тексерілді

07.10.2022, 11:35 192

HALYQLINE.KZ  Бүгін Халыққа қызмет көрсету орталығының №1 бөлімінде «Сау жүрек – денсаулық кепілі» атты акция өтті. Обыстық денсаулық сақтау басқармасы, «Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ЖШС және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының біріккен іс-шарасы «29 қыркүйек – Дүниежүзілік жүрек күніне» орай ұйымдастырылған.

Іс-шара барысында ХҚО-на қызмет алуға келген клиенттерге кеңес беріліп, артериялық қан қысымы, бой мен салмақ өлшеніп, кетле индексі мен қандағы қант пен холестерин мөлшері анықталды. Денсаулық сақтау мамандары тұрғындарға өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына, оны нығайту мен сақтау тәсілдері туралы ақпарат берді.

Әлем бойынша инсульт, жүректің ишемиялық ауруы, перифериялық атериялар, ревмокардит, туа біткен жүрек ақауы, стенокардия және миокард инфарктісі секілді аурулар өлім-жітімнің 16 пайызын құрап, мүгедектіктің басты себебі болып отыр. Еліміз бойынша жүрек-қан тамырлары ауруларынан зардап шегетін 2 млн. астан адам тіркелген. Жыл сайын 40 мың қазақстандық инсульт алады екен. Сол себепті ақ халаттылар денсаулыққа профилактикалық тексерісті жиі жүргізіп отырған абзал екенін айтады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: