Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қоғамдық орындардың көркін келтірді

06.05.2026, 21:20 36

HALYQLINE.KZ

Бүгінде Сырдария ауданында гүлдендіру, көгалдандыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Орталық алаңға, көшелер бойына түрлі гүл егіліп, жасыл желектер отырғызылып, демалыс аймақтары абаттандырылуда. Бұл жұмыстардың басты мақсаты – тұрғындарға жайлы, таза әрі әдемі орта қалыптастыру.

Аталған игі іске аудан орталығындағы «Тереңөзек тазалығы» мекемесі белсенді үлес қосып, мекеме қызметкерлері гүл отырғызу жұмыстарын жүргізіп, қоғамдық орындардың көркін арттыруға атсалысуда.

Көгалдандыру тек көріктендіру ғана емес, экологиялық ахуалды жақсартуға да үлкен үлес қосады. Жасыл аймақтар ауа сапасын жақсартып, жаздың аптап ыстығында сая болатын орындар санын арттырады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: