Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қоғамдық келісімді сақтау – перзенттік парыз

07.02.2023, 15:10 229

HALYQLINE.KZ Бүгін Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледж оқытушыларымен, студенттермен кездесті.

Кездесуге «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Мұхтар Ибраев, кәсіби медиатор, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Жақсыбай Жакеев, кәсіби медиатор, Қызылорда облысының құрметті ардагері, халықаралық қолөнершілер одағының мүшесі Қанибек Сәдуақасов, облыстық татар этномәдени бірлестігінің жетекшісі, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Галия Гизатуллина және «Қоғамдық келісім» КММ аға сарапшысы, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Абай қазынасына саяхат» клубының жетекшісі Елена Пак қатысты.

Еңселі ел, іргелі мемлекет атануы, бірлік, келісім және өзара қолдау қағидаттарына негізделген Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі ерекше. Қазіргі таңда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі әлемдегі ең табысты жобалардың бірі болып танылады. Бүгінде Ұлы Дала төрінде, бір шаңырақтың астында 100-ден астам, ал Алаштың анасына айналған Сыр өңірінде 35 этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Олар мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне, бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына енуіне аянбай еңбек етуде.

Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері «Қоғамдық келісімді сақтау – еліміздің әрбір азаматының перзенттік парызы» тақырыбында ой өрбітіп, бүгінде елімізде этносаралық тату-тәтті қарым-қатынас пен қоғамдық келісімнің қазақстандық өзіндік үлгісі жайында және жалпы адами құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік дағдыларды қалыптастыру мәселелерін назарда ұстау бағытында сөз қозғалды. Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, кездесу пікір алмасуға ұласты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: