Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қазмұнайгаз»: Мұнайшылардың талабы жаңаөзендіктердің мүддесіне қайшы

14.04.2023, 16:03 411

«Қазмұнайгаз» Ұлттық компаниясы» АҚ ереуілге шыққан мұнайшылардың талаптары жаңаөзендіктердің мүдделеріне қайшы келетінін айтты деп хабарлайды  Нalyqline.kz .

«БерӘлидің» бұрынғы жұмысшыларының басты талабы – «Өзенмұнайгаз» АҚ ұжымына жұмысқа орналасу.

 Топқа бұл шарттың орындалмайтыны туралы түсіндірілді.

Ұйымда жұмысқа кезекте тұрған 9 мың адам қабылданған алгоритмдер бойынша коммуналдық кәсіпорындарда жұмыс істеп, бос орын пайда болғаннан кейін кезектілік бойынша «Өзенмұнайгаз» АҚ-на жұмысқа орналасатыны туралы айтылды.

Осылайша, келіссөзге қатысушылардың талаптары қала тұрғындарының мүдделері мен құқықтарына қайшы келеді», – дейід ҚМГ баспасөз қызметі.

Ақпаратқа сүйенсек, 11 сәуірден бастап Астанада комиссия жұмысын бастап, оның құрамына Энергетика министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, сондай-ақ «БерӘли» компаниясының 10 адамнан тұратын тобы кірген. Қазірге дейін  ҚМГ жұмыс талап еткен азаматтармен комиссияның үш отырысын өткізгенін мәлімдеді.

Наразылар сонымен бірге мердігер компаниялармен келісімді ұзақ мерзімге жасауды талап еткен. ҚМГ келісімшартты «3+2″схемасы (үш жылдық келісім, қосымша 2 жылға созуға болады) бойынша әзірлеуге дайын екенін білдірген.

ҚМГ еңбекті қорғау мен ұйымдастыру, бірыңғай тариф-біліктілік анықтаманы қолдану, тендер процедуралары мәселелері бойынша тәуелсіз комиссия құру мәселесін қарастыратынын хабарлады.

Келіссөз әлі жалғасып жатыр.

Еске сала кетсек, 11 сәуірде Жаңаөзен қаласындағы «БерӘлі Маңғыстау Company» кәсіпорнының жұмыстан қысқарған 82 жұмысшысы 10 сәуірде Астанаға келіп, энергетика министрлігінің алдына түнеген. Олар министрліктен жұмыс мәселесін шешуді талап еткен.

Сол күні “ҚазМұнайГаз” мұнайшылармен келіссөз жүргізген, келісімге келмеген.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жаңаөзендік мұнайшыларды айыптай сөйлеген.

11 сәуірде Полиция энергетика министрлігі ғимаратының маңында наразылық білдірушілерді қоршап, барлығын ұстап әкеткен. Арада біршама уақыт өткенде Жаңаөзенде жерлестерін босатуды талап еткен халық көбейіп, билік оларды босатуға мәжбүр болған.

12 сәуір күніне қараған түнде Астанада наразылыққа шыққан мұнайшылардың өкілдері өздерінің босатылғанын айтып, 10 адамнан басқасы Маңғыстауға қайтарылатынын мәлімдеген.

13 сәуірде мұнайшылар тағы да үндеу жариялап. «Біз Астана қаласынан аман-сау үйімізге оралдық. Нақты шешім шыққан жоқ. Біз шешім шыққанша «ӨзенМұнайГаз» ғимаратының алдында боламыз», – деді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: