Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда «Жер сағаты» акциясы басталады

15.03.2024, 14:20 141

Бүгін Қазақстанның барлық өңірлерінде жыл сайын ұйымдастырылатын Халықаралық акция аясындағы «Жер сағаты» экологиялық науқаны өтеді. Акцияға «Жер елшілері» – мектеп парламенттерінің өкілдері, эко-белсенділер, экология саласындағы сарапшылар және оқушылардың ата-аналары қатысады.

Іс-шараның мақсаты-балалар мен жастардың санасына эко-белсенділік және экологиялық мінез-құлық идеяларын сіңіру, экологиялық мәдениет дағдыларын дамыту.

«Жер сағаты акциясы – Дүниежүзілік жабайы табиғат Қоры өткізетін жыл сайынғы халықаралық іс-шара. Ол барлық адамдарды табиғатқа ұқыпты қарауға шақырады. Шара аясында климаттың өзгеруіне байланысты адамзатты электр энергиясын тиімді пайдалануға шақыру мақсатында әлемдік маңыздағы сәулет ескерткіштері мен ғимараттары өз жарықтарын өшіреді. Сондай-ақ жеке тұлғалар, кәсіпорындар мен білім беру ұйымдары және мемлекеттік мекемелер, коммерциялық ұйымдар электрден бір сағатқа бас тартады», – деп атап өтті Оқу-ағарту министрлігі «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК директоры Раиса Шер.

Акция шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылады:

▫️ Абай облысында «Үздік экологиялық қолөнер» көрмесі;

▫️ Ақтөбе облысында табиғат туралы поэзия кеші;

▫️ Ақмола облысында «Климаттық киномарафон»;

▫️ Алматы облысында Өнер мектебі оқушыларының «Табиғатты қорғайық» атты көлеңкелі театр спектаклі;

▫️ Атырау облысында Абай атындағы орталық асфальтта суреттер көрмесі;

▫️ Батыс Қазақстан облысында «ROBOLAND-2024» – «Қазіргі әлемдегі Экороботтар» инновациялық технологиялар мен робототехника фестивалі;

▫️ Шығыс Қазақстан облысында электр қуатынсыз дайындауға болатын тәттілер мен сусындар ұсынылатын фуд-корт;

▫️ Жамбыл облысында отшашулар мен жарықдиодты шамдардан флеш-моб;

▫️ Жетісу облысында ҚазЭкоПатруль спикерлерінің қатысуымен «Экологиялық сауаттылық» тренингі;

▫️ Қарағанды облысында жас натуралистер арасында «Балалар қолы ғажайыптар жасайды» конкурсы;

▫️ Бидегі Нейрографика: Қостанай облысында жабайы табиғат дыбыстарына арналған би қимылдары;

▫️ Маңғыстау облысында экологиялық тақырыптағы көңілді квест ойындары;

▫️ Павлодар облысында табиғат аясында неон шамдармен көмерілген поэзия кеші өтеді. Мұнда оқушылар проза, поэзия тілінде өздерінің табиғатқа деген сүйіспешілігін жеткізеді;

▫️ Солтүстік Қазақстан облысында экологиялық тақырыптағы зияткерлік ойын;

▫️ Түркістан облысында алау жанында ән айту кеші;

▫️ Ұлытау облысында «Табиғатпен Селфи» фотогалереясының таныстырылымы;

▫️ Шымкент қаласында оқушылар «Менің жеке ағашым» атты бастамамен көшеттер отырғызады;

▫️ Астана қаласында «Жер сағаты» Бүкіләлемдік акциясына орайластырылған дөңгелек үстел өтеді.

Сонымен қатар еліміз бойынша «Бұл біздің – Қазақстан» марафон флешмобы өтеді.

Фото: Жасанды интеллект фотоиллюстрациясы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: