Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда уақыт өлшемі түбегейлі реттеле ме?

01.08.2023, 14:50 216

HALYQLINE.KZ

31 шілдеде ҚР Сауда және интеграция министрі С.Жұмангариннің бұйрығымен ҚР аумағында уақыт өлшемі проблемалық мәселелерін реттеу үшін құрылған ведомствоаралық топтың бірінші отырысы өтті. ВАТ-қа (ведомствоаралық топ) барлық министрліктер, облыстар, салалық Ғылыми зерттеу Институттары өкілдері, Сенат депутаттары, қоғам белсенділері, балалар құқын қорғау ұйымдары, барлығы 60 өкіл қатысты, деп жазады Abai.kz

Топ жұмысын ұйымдастыру ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Е.А.Шаққалиевке, жауапты Техникалық  реттеу және метрология комитеті төрағасы Қ.Н.Еликбаевқа жүктелген.

ҚР уақыт өлшемі проблемалық мәселелері 1930 жылдан, декреттік уақыт енгізуден басталса, 1956 жылдан сағаттық белдеулерді біріктіру, одан соң 1980 жылдардан «жазғы» уақыт қолдану енгізіліп, ҚР егемендік алғасын да жалғасты.

Алайда 2004 жылы халық арасында наразылық тууына және денсаулыққа елеулі зиян тигізетіні медициналық тұрғыда зерделеумен дәлелденуіне байланысты «жазғы» уақыт енгізу практикасынан бас тартылды, себебі декреттік уақыттың өзі үнемі жазғы уақыт қолдану болса, сағаттық белдеулерді біріктіру де батыс облыстарды алға тағы бір сағат жылжыту еді.

«Сондықтан қазіргі уақыт өлшемі жағдайында оған тағы «жазғы» уақыт қолдану еш мүмкін емес және ҚР аумағында уақыт өлшемі мәселесі әлі түбегейлі шешіміе тапқан жоқ», – дейді топ мүшесі, Халықаралық табиғи уақыт қолдаушылар Альянсы мүшесі, қолданбалы хронобиология маманы Болат Нұрхожаев.

Әлемдік практикада 2018 жылдардан уақыт өлшемі мәселесі Европарламент пен Еврокомиссияда қаралып шешім шықса, АҚШ-та да бұл мәселе Парламентте қаралып жатыр.

Ресей мемлекеті 2014 жылдан 1930 жылдан бері қолданыстағы декреттік уақыттан ресми бас тартты. 2018 жылы Қызылорда облысы өз уақытын қайтарса, РФ Волгоград облысы 2020 жылы өз белдеулік уақытына көшті, сондықтан қазір Волгоград облысы мен БҚО шекарасында 2 сағат айырмашылық пайда болып отыр. Қызылорда облысымен бір сағаттық белдеуде орналасқан Қостанай облысы халқы да уақыт өлшемі мәселесін мемлекеттік органдар алдында 17 жылдан бері үзбей көтеріп келеді.

Дәл осындай мәселе БҚО, Атырау, Маңғыстау облыстарында да бар екені өңір өкілдерімен айтылды.

Уақыт өлшемі, адам, оның ішінде денсаулыққа қатысты мәселе көтерілуі орынды екені В.Г.Фесенков атындағы Астрофизика, Физиология және Генетика, География және су қауіпсіздігі, Айтхожин атындағы Молекулярлы биология және биохимия Институты ғалымдарымен қолдау тауып, тек ғылыми зерттеулер нәтижесіне сүйеніп шешілуі тиіс екені айтылып отыр.

Жиында сөз алған ҚР Парламенті Сенаты депутаты, медицина ғылымдары докторы А.Ш.Альназарова мәселенің халық, әсіресе балалар денсаулығына, экономикаға, демографиялық мәселелерге маңыздылығын ескеріп, шешімін қарастыру үшін және оның ғылыми негіздемесін дайындау үшін салалық мамандардан құралған топ құру, мәселені түбегейлі және біржола шешу қажеттігін ұсынып, ол мақұлданды.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: