Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда бала туу неге азайып кетті? (Видео)

17.05.2023, 17:30 347

HALYQLINE.KZ Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2021 жылы 446,5 мың бала дүние келген. 2022 жылы туғандар саны – 443 900 бала.

Бала туу көрсеткіші бойынша аймақтарды екі санатқа бөлуге болады: статистикасы жоғары көрсеткіштерді тіркейтін оңтүстік және батыс аймағы, сонымен қатар жаңа туған нәрестелер әлдеқайда аз солтүстік, шығыс және орталық өңірлер.

Жаңа туған нәрестенің саны бойынша Түркістан облысы алда келеді. Былтыр яғни, 2022 жылы онда 58,2 мың бала дүниеге келген. 36 мыңнан астам сәби дүниеге әкелген Алматы қаласы екінші орында болса, үшінші орындағы Алматы облысында 35 мыңға жуық бала өмір есігін ашқан. 

Ал 1000 адамға шаққандағы жалпы туу коэфициенті бойынша Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласы алда тұр. Оларда 1000 адамға шаққандағы бала туу саны 25-тен асады.

Қалаға шоғырлану мен әйелдердің әлеуметтік рөлінің өзгеруіне байланысты қыздардың бірінші некеге тұру жасы артуда. Бұл өз кезегінде бала туу жасын өзгертеді. 2018 жылы елдегі еңбекке тартылған әйелдердің орташа жасы 28,7 жасты құраса, 2022 жылдың соңына қарай ол 31,5 жасқа дейін өскен. Бұл өз кезегінде бала туу көрсеткішінің азаюына әкеледі.

Материал ranking.kz ақпараттық сайтының негізінде дайындалды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: