Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан: Жаңа жылды қанша турист елде қарсы алды?

05.01.2023, 16:50 296

HALYQLINE.KZ 23 мыңнан аса турист жаңажылдық мерекені Қазақстанда қарсы алған. Мұндай мәліметті eQonaq ақпараттық-сараптамалық жүйесі ұсынды, – деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

26 желтоқсан – 4 қаңтар аралығында қазақстандық қонақ қабылдау мекемелері 23 мыңнан аса турист қабылдаған. Оның 9 мыңы Алматыда және 5,1 мыңы – Астанада.

«Бір қызығы, қонақтарды қабылдаушы үздік өңірлер тізімінде Ақтөбе, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары бар, яғни суық аймақтар кірген», – делінген Tengritravel.kz порталы сауалына жолдаған Kazakh Tourism жауабында.

Туристердің көпшілігі Қазақстанда Жаңа жылды қарсы алу үшін Ресейден келген – 15 мың адам. Сондай-ақ, Өзбекстан, Үндістан, ҚХР, Түркия, Германия және Ұлыбританиядан келген саяхатшылар Қазақстанда Жаңа жылды қарсы алды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: