Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалы: Су дейгейі тұрақты бақылауда

12.03.2023, 16:40 320

HALYQLINE.KZ Сырдария өзенінен үлкен көлемде су өтуіне байланысты Қазалы ауданындағы барлық қорғаныс бөгеттерінде үзіліссіз тәулік бойы бақылау жұмыстары жүргізілуде. Кеше аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Басықара, Абай, Қарлан, Әлсейіт қорғаныс бөгеттерінің тұсындағы сең жүру үдерісін сала мамандарымен бірге барып бақылады.

2023 жылғы 11 наурыздағы жағдай бойынша сең Абай ауылының тұсынан өтуде. Қазіргі таңда барлық қорғаныс бөгеттерінде үзіліссіз бақылау жұмыстары жалғасуда. Елді мекендерге қауіп жоқ. Ауыл әкімдері мен тиісті мекемелер мамандары күндіз-түні кезекшілік ұйымдастыруда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: