Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қармақшы әкімі дарынды балаларды қолдады

11.02.2020, 10:20 1429

Қармақшы ауданы әкімі М.Қалдарбеков оқуда озат, дарынды, қоғамдық жұмыстарда белсенді, шығармашыл жасөспірімдермен кездесті. «Дарынды бала – ел болашағы» атты кездесудің мақсаты – оқу мен шығармашылықта жоғары нәтижелер көрсеткен дарынды өрендерді қолдау.

К.Томанов атындағы №183 орта мектебінде өткен шарада аудан басшысы роботехника, көркем еңбек кабинеттерін аралап, оқушылардың үйірмелерінің жұмысымен танысты.

Республикалық және облыстық байқаулардың жеңімпаздары өз кезегінде жетістіктерімен келешек жоспарларымен бөлісіп аудан басшысымен еркін форматта сұхбаттасты.

Кездесуде аудан әкімі Мұса Оспанұлы: – Елдің ертеңі болашақ ұрпағымызды кішкентайынан Отансүйгіштікке, білім мен еңбекке ұмтылуға, көрегенділік пен адалдыққа тәрбиелеу – басты парызымыз. Елбасының «Кемел келешекке біліммен» деген қағидасын, өмірде берік ұстанып, жастарымыз алдына зор мақсат қоюы керек дегім келеді. Бүгінгі ХХІ ғасырда жаһандану кезеңінде ақпараттық технологияларды жоғары деңгейде меңгеріп, жауапкершілікті сезіну баршаңызға міндет болып табылады. «Білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті» дегендей, білім мен өнер балалардың болашағының жарқын болуына бірден-бір кепіл – деп атап өтті.

Шара қатысушылары – жыл бойы аудан атынан облыс, республика деңгейіндегі сайыстар мен байқауларда жеңімпаз атанып, жоғары жетістіктерге ие болған оқушылар.

Осы ретте олардың жетістікке жетуде бойына тараған дарындылық қабілетін шыңдап, бағыт-бағдар берген ұстаздары мен ата-аналарының да еңбегін атап өтуге болады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: