Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қарғалыдағы қалқымалы көпір қауіпсіздікті сақтау мақсатында ығыстырылды

09.01.2023, 12:00 165

HALYQLINE.KZ Сырдария өзенінің Шиелі ауданының аумағынан өтетін бөлігінде сең жүруіне байланысты Қарғалы елді мекені маңындағы қалқымалы көпір қауіпсіздікті сақтау мақсатында және қалқымалы көпірге зақым келмес үшін уақытша жағаға ығыстырылған болатын. Желіде тараған бейнероликте дәл осы қалқымалы көпірді жағаға ығыстыру сәті таспаланған.

Қалқымалы көпір облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қарайды. Ал, көпірді күтіп-ұстау және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жұмыстарымен «Еламан-Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысады. Көпір мәселесін толықтай шешу мақсатында 2022 жылы жобаның техника-экономикалық негіздеме құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамаға ұсынылған болатын. Мемлекеттік сараптама қорытындысы биылғы жылдың ақпан айында белгілі болады деп күтілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: